• RUB:
    5.09
  • USD:
    524.02
  • EUR:
    545.19
Басты сайтқа өту
Технология 28 Наурыз, 2020

iPhone 12 Pro рендері шықты

634 рет
көрсетілді

Svetapple порталы жаңа айфонның рендерін көрсетті.

120 Гц жиілікпен жыпылықтайтын 6,7 дүймдік дисплейдің үстіңгі рамкасына барлық сенсорлар сыйып кеткен. Онда 12 мегапикселдік камера, инфрақызыл камера, жақындау датчигі, нүктелік проектор, микрофон орналасқан.  Оң жағында SIM-карт слоты мен бүйірлік кнопка болса, ал сол жағында дауыс реттегіш және дыбыссыз режим кнопкалары бар.

Сыбыстарға сенсек, iPhone 12 Pro-ға жақында ғана шыққан Apple A14 атты 5 нанометрлік чипсет қойылады. Жедел жады 6 Гб болады. ToF датчигі бар.

Презентацияға келсек, ол жылдағыдай қыркүйекте емес, коронавирус кесірінен қазанда өтуі мүмкін.