• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 31 Наурыз, 2020

Абай атындағы университетте химия пәні онлайн режимде өтті

844 рет
көрсетілді

Қазақстандық жоғары оқу орындары коронавирустық індеттің жайылуын болдырмау мақсатында қазіргі кезде онлайн-білім беру жүйесіне ауысты. Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының профессор-оқытушылары да қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сабақ кестесіне сәйкес білім алушыларды қашықтықтан оқытуда.

Химия кафедрасының аға оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты Жанар Жақсыбаева 3 курс студенттеріне коллоидты химия пәнінен «Беттік белсенді заттар. Беттік белсенді заттардың әсер ету механизмі» тақырыбында дәрісті ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн-режимде өткізді. Онлайн-дәрісте студенттерге Power Point-презентация, тақырыпқа байланысты видеороликтер мен демонстрациялық эксперименттер көрсетілді. Студенттермен кері байланыс жүргізе отырып, сабақтың өтілу барысына SWOT талдау жасалып, қорытындыланды.