• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Сәуір, 2020

COVID-19 экспресс-тест тексеруінен кім өте алады?

299 рет
көрсетілді

Қазақстанда COVID-19 коронавирустық инфекциясының бар-жоғын экспресс-тестілермен тексеру мақсатында пациенттерден сауалнама алу жүргізіледі. Тест өткізу рәсімін оңайлату үшін Қазақстан Республикасының ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының сайтында пациент деректері енгізілетін сауалнама үлгісі жасалды. Эпидемиологиялық іріктеу нәтижелері бойынша бірінші кезекте тест тексеруінен өтетін азаматтардың санаттары белгіленеді. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен, алғашқылардың бірі болып тексеруден COVID-19 күмәні туындайтын пациенттермен тікелей жұмыс істейтін жедел жәрдем, емханалар, стационарларлың медициналық қызметкерлері; коронавирустың таралуына жол бермеу іс-шараларына қатысатын басқа органдардың қызметкерлері (Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі), сонымен қатар қауіп топтарының пациенттері: Созылмалы, жүрек-қантамыр, тыныс алу жүйелерінің аурулары бар тұлғалар және егде жастағы азаматтар өткізіледі.

COVID-19 анықталатын экспресс-тест өткізуге стационарлық карантиннен шығу алдындағы пациенттер, температура, жөтел, бұлшықеттердің ауыруы сияқты эпидемиологиялақ көрсетілімдері бар тұлғалар, сонымен қатар Республикамен шекаралас аумақтардан Қазақстанға сапарлап келетін азаматтар қамтылады.

Жалпы, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 260 000 адамға дейін экспресс-тест тексеруінен өте алады.

COVID-19 коронавирусына тестілеу қатаң түрде белгіленген биоматериал жинау бөлімшелерінде сауалнамаларды іріктеу нәтижелері бойынша өткізілетін болады, онда басқа талдаулар қабылданбайды.  

Сайтта іріктеуден өткен пациенттер шулы дауды болдырмау үшін экспресс-тест тексеруінен өтуге қатаң түрде көрсетілген уақытта шақырылады және өз кезектерін көшеде қан тапсыру бөлімшелерінің алдында өзара 1,5-2 метр арақашықтық қадағалаумен күтіп тұрады, ал орынжайға бір-бірден шақырылады. Кіретін және шығатын пациенттер легі екі жаққа бөлінеді. Тест тексеруінен өтудің міндетті шарты – пациент бетперде тағып алу керек.

Қан алуды жедел жәрдем бригадалары (шұғыл шақыртулар), зертханалық қызметтердің мобильді бригадалары, арнайы жасақталған бөлімшелерде (тек шақыру бойынша), автоөткелдерде (ҚР аумағына сапарлап келетін азаматтар үшін), сондай-ақ стационарларда (тек медициналық көрсетілімдер бойынша) жүзеге асырады.

Осы жобаның шеңберінде пайдаланылатын тестілердің сапасы және тиімділігі Денсаулық сақтау министрлігінің зертханаларында алдын ала валидациядан өткізілетінін атап өту керек. 

Экспресс-тестінің өзі бірнеше реагент жағындысымен кіріктірілген тест-жолағы бар бір реттік пластик құрылғыдан тұрады. Тестілеу үшін күрделі құрылғы қажет емес. Талдауға қан саусақтан алынады, барлық пайдаланылатын аспаптар стерильді және бір реттік. Осындай тестілеу қорытындысын 15 минут ішінде алуға болады. 

Экспресс-тест арқылы коронавирус инфекциясына диагноз қойылмайтынын атап өту маңызды, өйткені ол ағзадағы вирусты анықтамайды, тек қана вирусқа деген иммундық жүйенің реакциясын бағалайды.

Тест қағидаты қанда SARS-CoV-2 коронавирусына (COVID-19) IgG/IgM кластары антиденелерін анықтауға негізделген. Инфекция жұқтырған 7-10 күннен соң бірінші болып IgM класты антиденелер өндіріледі. Олар аурудың жедел сатыда екенін айғақтайды. Әріқарай, инфекция жұқтырудан кейін 2-3 апта өткенде жұқтырылған инфекцияны және иммундық жауап қалыптасуын білдіретін IgG класты антиденелер өндіріледі.

Сонымен бірге, егер адамда IgM класының оң нәтижелі антиденелері (немесе IgM және IgG оң нәтижелі антиденелерінің екі класы да) табылса, онда инфекция 7-14 күнге жуық уақыт бұрын жұқтырылған. Бұл жағдайда, тест-тексерілуші бетперде тағып, өз алдына оқшаулану және ауруханаға жату мәселесін шешу үшін жедел жәрдем шақырту керек.

Егер IgG класты антиденелер оң нәтижелі болса – бұл осы адамның коронавируспен жанасуы болғанын немесе иммундық жауаптың қалыптасуымен осы инфекцияны өткергенін көрсетеді.

Өкінішке орай, тұрақты иммунитет қалыптаса ма әлде жоқ па және вирустың тасымалдануы қаншалықты ұзаққа созылады, осылар жөнінде қазіргі уақытта нақты деректер жоқ, сондықтан осындай қорытындыны алғанда эпидемияға қарсы шараларды қадағалау жалғасып, аңқадан алынған жағындының ПТР (полимеразалық тізбекті реакция) талдауы тапсырылу керек.

Теріс тест нәтижесін алу инфекцияның жоқ екенін немесе инфекция жұқтырудың таяуда болып, ал антиденелердің әлі түзіліп үлгермегенін айғақтай алады. Вирустың осылай тасымалдануы қоршаған қауымға қауіпті болуы мүмкін, сондықтан егер сіз карантинде болсаңыз, оқшаулану тәртібінде қала беру және барлық алдын алу шараларын қадағалау керек. Карантин аяқталғанда инфекция жұқтырылғанын түпкілікті жоққа шығару үшін қайтадан тест тексеруінен өту қажет.

Экспресс-тестілер сенімділігінің 90%-дан аспайтынын атап өтеміз, сондықтан жағдайлардың 10%-на дейін әрі жалған-оң, әрі жалған-теріс нәтиже беруі мүмкін. Диагноздың негізгі расталу әдісі бұрынғыша коронавирус РНҚ анықталатын аңқадан алынған жағындының ПТР-талдауы болып табылады.

Жоба «Cаби» қайырымдылық қоры мен Болат Өтемұратов қорының қаржылық қолдауымен іске асырылылады және мемлекеттік мекемелер базасында да, «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханалар базасында да жүзеге асатын болады.