• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Сәуір, 2020

Төтенше жағдай кезінде құрылыс қалай жұмыс істейді?

220 рет
көрсетілді

Мемлекеттік комиссияның шешімімен Нұрсұлтан мен Алматыда 30 наурыздан басталған жұмыссыз режим тағы бір аптаға ­ - 13 сәуірге дейін ұзартылғаны белгілі. Осындай төтенше жағдай кезінде құрылысшылар қалай жұмыс істейді? Бұл туралы өкілетті орган өкілдерінен сұрап білген едік.

Екі ірі мегаполисте жұмыссыз режим енгізілгені бекерден бекер емес. Бұл ­­ коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында қолға алынып отыр.

Карантинді күшейткен уақыт аралығында белгілі бір мекемелер ғана жұмыс істейді. Атап айтқанда, жарық, су, кәріз, қоқыс тазалау сынды қала тіршілігін қамтамасыз ететін жүйелер, сонымен қатар, көше, аула, тұрғын үй-жайларының тазалығына жауапты мамандар, жеделсаты қызметі, жол қозғалысын ұйымдастырушылар, пошта, курьерлер мен апаттық қызметтер бар. Мұның сыртында дәріхана, аурухана, емханалар мен зертханалар, азық-түлік дүкендері де жұмысын жалғастыра береді.

Құрылыс  ­- қаланың қалыпты өмірін қамтамасыз ететін сала емес. Сондықтан карантин режиміне олар да бағынып, жұмысын тоқтатуға тиіс. Нұрсұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы өкілдерінің бізге берген мәліметі бойынша, егер құрылыс аумағында жатақханалар болып, жұмысшылар сыртқа шықпай жұмыс істейтіндей мүмкіндік болса, онда жұмысты жүргізе беруге болады. Бірақ ол үшін басшылық санитарлық талаптарды қатаң ұстап, деинфекция жұмыстарын жүргізіп, мамандарын маскамен, антисептикпен, бір реттік қолғаппен қамтамасыз етуі керек. Ал осы талаптарға сай емес құрылыс компаниялары жұмыс істемеуге  тиіс, дейді мамандар.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ