• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Технология 09 Сәуір, 2020

Samsung тағы не патенттеді?

506 рет
көрсетілді

Samsung Display компаниясы төрт жағының төрт қыры да доғалданған рамкасыз дисплейге патент алды. Дисплейдің бұрыштары металл болып қала береді. Galaxy линейкасында шығатын смартфондар осындай экранмен жабдықталатын болады.

LetsGoDigital  порталы аппараттың патенттік құжаттамасы негізінде жасалған сапалы рендерлерін жариялады. Суреттерден дисплейдің тек екі жағы ғана емес астыңғы және үстіңгі жақтары доғалданғаны көрінеді.

Селфи түсіретін фронтал камера қайда кетеді десек, инсайдерлер пікірінше ол дисплей астына жасырылуы мүмкін. Сонымен қатар саусақ ізімен ашу қызметін атқаратын дактилоскопиялық сканер де осындай прициппен орналастырылады.

Әзірге құрылғы патент түрінде ғана белгілі болып отыр. Оның нарыққа шығуы қашан екендігі белгісіз.