• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Руханият 14 Сәуір, 2020

Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне бай

1063 рет
көрсетілді

Кез келген істің алға қойылған жоспары, бағыт-бағдары, методикасы, заңдылығы, тәртібі болады. Осы орайда «Тарбағатай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің алда тұрған жұмыстарының бірі парк аумағында кездесетін флора мен фаунаның индикатор түрлерін бекітіп, паспортқа енгізу еді.

Осы бағытта жұмыстар қолға алынып, бекітілетін индикатор түрлері ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкерлерімен іріктеліп, ұсы­ны­лып, флора мен фаунаның индикатор түрлері ұсынысы бір­ауыз­дан мақұлданып, бекі­тіл­ген болатын. Ал осы индикатор түрі не үшін қажет және индикатор дегеніміз не?

Индикатор дегеніміз – қор­ша­ған ортамен белгілі, үнемі тұрақты байланысы бар, сол ортаның жағдайын танып-білу үшін қолданылатын белгілі өсімдік, жануар бірлестігі немесе жекеленген түрді айтамыз. Ал индикатор көмегімен анықталатын жағдай индикация нысаны немесе индикат деп аталады, ал анықтау процесін индикация дейміз. Осылайша, «Тарбағатай» МҰТП РММ ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің қызметкерлері мен табиғи кешендер мен обьектілерді қорғау бөлімінің мемлекеттік инс­­пек­торлары бірлесіп, ұлттық парк аймағында ботаникалық мони­торингтік бақылаулар жүр­гізу үшін 4 мониторингтік фено­логиялық алаңшалар орнатты. Бұл алаңшалардағы өсім­дік­тер, осы мекенге тән өсімдік түр­ле­рі­мен айқындалды.

Мемлекеттік инспектор­лар мониторинг бақылау алаң­ша­ларынан және бағыттардан мә­лі­меттер жинап, оны ғылыми бөлімге жібереді, ал ғылыми қызметкерлер мәліметтерді орта­лық базаға енгізеді. Базалық негізге атқарылған дала жұмыс­та­­рының жиынтығы жатады, қортындысында бірнеше топ­қа бөлінген мониторингтік түр­лер және аумақтардың жағ­­дайын ұзақ уақыттық бақы­лау арқылы айқындалады. Жинал­ған көрсеткіштер өсім­дік­тер қауымдастығын және олардың индикаторлық түр­ле­рін, жер жағдайын, беткей экспо­зи­ция­сының топырақ түрі және эко­ло­гия­лық жүйесінің қандай екенін көрсетеді.

Бекітілген индикатор түр­ле­­рінен, флора қатарының фено­логиялық мониторингтік бақылау үшін 4 өсімдік индикатор түрлері мекеме паспортына енгізіліп, бекітілді. Фауна қауымдастығын бақылау барысында 2 бақылау бағыты белгіленіп, МҰТП бойынша 6 индикатор сүтқоректілер қатары: қабан шошқа, елік, қоңыр аю, борсық, Алтай суыры, құм қоян және МҰТП-ның негізгі экожүйесін қамтитын 6 индикаторлық құстар түрі: құр, сұр шіл, ақ құтан, дуадақ, бөдене, барылдауық үйрек бекітілген. Ескере кететін бір жағдай, осы индикатордың кей белгілері әртүрлі экологиялық жағдайға байланысты келешекте өзгеруі де мүмкін.

 

Жаңылқан ӘЛЕМСЕЙІТОВА,

«Тарбағатай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бөлім басшысы

 

Шығыс Қазақстан облысы