Қоғамымыздың ең дарынды балаларына берілетін «Жас Өркен» республикалық балалар премиясы ІІ маусымының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Бақдәулет Нұрматтың айтуынша, биылғы жылдың 1 наурызы - 12 сәуірі аралығында іріктеу кезеңдері мен сыйлық лауреаттарын анықтау үшінфиналдық дауыс беру өтті.
- Премияның 14 номинациясына қатысуға барлық өңірден 300-ден астам үміткерден өтінім түскен, - дейді Бақдәулет Нұрмат. - Дауыс берудің бірінші кезеңінде 126 номинант қатысқан. Финалға 56 үміткер өтті. Әрбір аталым бойынша екі жеңімпаздан анықталды. Оларға гран-при, ал дауысберу қорытындылары бойынша екінші орын алғанбалаға лауреат атағы берілді.
«Жас блогер» аталымы – Павлодар облысынан келген Ержан Ербатырға бұйырды. «Жасмузыкант» аталымында - Әнел Данияр, «Үздікерікті» аталымында - Данила Рыбин, «Жас эколог» аталымында - Ділназ Базарбаева және «Жаспатриот» бойынша Дарья Матюшонок жеңімпаз атанды.
- Отбасымызда 3 ұл болғандықтан, бала кезде нанама көмектесіп жүрдім, - дейді 18 жастағы ЕржанЕрбатыр. - Сол кезден бастап тамақ дайындау мені қызықтыра бастады. Тортты әзірлеуге 2 жыл бұрын шындап кірістім. Бірнеше мастер-кластардан өтіп, өзім видео-сабақтарды түсіре бастадым. Видео түсіруді мен бұрыннан жақсы білетінмін, сондықтан қиынға түскен жоқ. Қазір өзімнің YouTube каналымды және Instagram парақшамды дамытуға бар күшімді салудамын. Көрермен саны 36 мыңға жетеді, бұл менің қазіргі жұмысым депайта аламын. Себебі, бұған өте көп уақыт пен қаражат жұмсалады. Келешекте өзімнің жұмысымды тәттілер дайындау мен байланыстырамын деген ойдамын.
Айта кетерлігі, «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығының алғашқы жүлдесін жас әнші, 2019 жылғы балалар Еуровидениесінің жеңімпазы Ержан Максим жеңіп алған болатын.