• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2020

Алматыда дәрігерлерге үстемақы төленбей жатқаны ақиқат па?

292 рет
көрсетілді

Бүгін Алматының өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев төмендегідей мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.

– Кеше кейбір БАҚ баспа беттерінде COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төленбегені туралы ақпараттар жарияланды.

Аталған факт бойынша Мемлекеттік комиссиясының тәуекел санаттары тізіміне кіретін барлық медицина қызметкерлері жұмыс істеген сағаттар үшін толық көлемде төлемдер алатындығын ресми түрде хабарлаймын.

Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша көмек алуға үш тәуекел тобына жатқызылған медицина қызметкерлері құқылы екенін еске саламыз. Олар: реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың, провизорлық стационарлардың және жедел жәрдемнің, карантиндік стационарлардың, санитарлық дәрігерлердің, жедел жәрдемнің жүргізушілері және ошақтарда және КВИ бар пациенттермен тікелей жұмыс істеп жатқан дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері.

Кейбір медициналық ұйымдарда, атап айтқанда Балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында және Медициналық жедел жәрдем қызметінде орын алған әлеуметтік шиеленіске байланысты, бұл Бұйрықтың негізгі ережелері туралы, жалақыға қосымша берілетін үстемеақы кімге тиесілі жөнінде және қызеткерлер санаты тураы мен өзім жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатынмын.

Осы бұйрықтың тәуекел тобына кірмеген қызметкерлерге қатысты, олар бойынша медициналық ұйымдардың жалақы қорынан қаржылай қолдау туралы шешім қабылдануда. Бұл материалдық қолдау медицина қызметкерлерінің күшін ынталандыру және қолдау үшін маңызды.

Сондай-ақ, төлемдер ҚР Салық кодексіне сәйкес барлық салықтарды ескере отырып, айлық жұмыс балансынан аспайтын нақты жұмыс істеген уақыты үшін жүргізілетіндігін еске салғым келеді.

Қазіргі уақытта 3 758 қызметкерге, оның ішінде 498 дәрігерге, 1800 орта медицина қызметкеріне, 624 кіші медицина қызметкеріне және басқа да 836 қызметкерге, оның ішінде медициналық жедел жәрдем қызметінің 822 жүргізушісіне төлем жүргізілді.

Төлемдердің жалпы сомасы 1 134,8 млн. теңгені құрады. Қазіргі уақытта төлемдер Медициналық жедел жәрдем қызметінің жұмыскерлеріне жүргізілуде, осылайша 100%-ға дейін жеткізілетін болады

Соvid-19-бен тікелей жұмыс істеу барысында жұқтырған жағдайда медицина қызметкерлеріне төленетін төлемдерге қатысты, оларға 2 млн. теңге көлемінде өтемақы төленеді. Төлем ҚР ДСМ комиссиясы эпидемиологиялық тексеру жүргізгеннен кейін жүргізілетін болады, деді Тілеухан Әбілдаев.

 

 

АЛМАТЫ