• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Сәуір, 2020

Әлемдік IT-компаниялар пандемиядан кейін қалай жұмыс істемек?

998 рет
көрсетілді

Business Insider порталының хабарлауынша қазіргі пандемия кезінде көптеген IT-компаниялардың қызметкерлері үйден отырып жұмыс істесе де еңбек өнімділігін жоғалтпаған.

Мысалы, Oracle компаниясында жұмыс істейтін 136 мың адам қазір YouTube пен Zoom қызметтерін сәтті пайдаланып, жұмыстарын бұрынғы қарқынмен жалғастыруда. Атап айтсақ, видеоконференция арқылы мамандар өзара пікір алмасу немесе жиналыс сияқты офисте атқарылатын жұмыстарын оңай жүзеге асытруда. Компания директорлар кеңесінің төрағасы Ларри Эллисон жұмыс істеудің осы форматына өзінің риза екенін де айтқан.

Техникалық қолдау көрсететін SAP Rimini Stree компаниясының басшысы Сет Равин есебінше барлық маманның офисте отырғаны керек емес екен. Сол себепті де олар офис үшін жалға алынған ғимараттарының жартысын босатпақшы болып отыр. Басшының ойынша, үйден жалыққанда немесе аса бір қатты қажеттілік болғанда ғана келіп жұмыс істеуге болатын конференц-залдарды қалдыру қажет. Қазір компанияның әр елде 30 үлкен офисі бар көрінеді.

Okta компаниясының бас директоры Тодд МакКиннон пандемия алдында офистер санын көбейтпекші болыпты. Бірақ қашықтан жұмыс істеу өзінің оң нәтижесін берген соң бұл ойынан бас тартатынын айтып отыр. Бұл компанияда 2200 адам әлемнің әр түкпіріндегі 12 офисте жұмыс істеген.

Осылайша, пандемиядан соң бизнесті ұйымдастырудың жаңа түрі туатын сияқты. Оның тиімділігі көп болатынына еш шүбә болмасы анық. Осы ретте отандық кәсіпкерлер мен ірі бизнес өкілдері де осыған назар аударады деген сенімдеміз.