YouTube видеохостингі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көзқарасына сай келмейтін материалдарды өшіреді.
Бұл алдымен коронавирусқа қатысты ақпараттар болып отыр. Әлемдік денсаулық саласын қадағалайтын мекеменің осы ауруды емдеуге қатысты ойларына қарсы келетін әрі медициналық тұрғыдан шындыққа сай келмейтін кез-келген материал заң бұзушылық болып есептеледі және ол серверден алынып тасталынатын болды. YouTube бас директоры Сьюзан Войцицкидің CNN телеарнасына берген сұхбатында сенімді расталған ақпарат қана жариялануы қажет делінген.
Оның айтуынша, «Қастандық теориясына» сенетін көптеген адамдар COVID-19 вирусына қатысты адамдарды адастыратын материалдар салып жатыр екен. Мысалы, Британия мен Нидерландта адам денсаулығына өте зиян және ол коронавирус тудырады деп ондаған 5G стансаларын өртеп жіберген.
Бірақ бұл тиымды YouTube пайдаланушыларының барлығы бұл ойды қолдай қоймайды және бұл әрекетті нағыз цензура деп танитындықтарын да айтуда.