Мамыр айының үшінші жексенбісінде Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтілетіні белгілі. Дегенмен, биыл Қазақстанда CОVID-19 пандемиясы кезінде бұл датадағы шаралардың сипаты басқа болды. Бір жағынан бұл – АИТВ инфекциясын ауыздықтай отырып, коронавирустық инфекциядан емделушілердің өмірі мен денсаулығын сақтаудағы ел дайындығын көрсететін бір сынақ.
Мәселен, барлық өңірлік орталықтарда емделушілердің денсаулығын сақтау мақсатында антиретровирустық (АРВ) препараттар ұзаққа жету үшін артығымен қолға берілді. Оқшаулауға тура келген барлық мұқтаждарға медициналық қызметкерлер дәрі-дәрмектерді үйге жеткізді. Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың аутрич-қызметкерлерімен және волонтерлерімен бірге жеке қорғану құралдарын – маскаларды, қолғаптарды, санитайзерлерді жеткізуді де қоса ұйымдастырды. Жұмысынан айырылған және азық-түлікке мұқтаж адамдардың тізімін дәрігерлер әкімдіктер мен халықаралық гуманитарлық ұйымдарға жіберді.
– COVID-19 алдындағы тәуекелдер біздің пациенттер үшін теріс мәртебесі бар адамдардан еш айырмашылығы жоқ. Бұл вирустық жүктеменің басылған жағдайында. Кері жағдайда тәуекелдер артады. Сондықтан біз үшін АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың барынша оқшаулануы өте маңызды болды, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.
Жыл сайын елімізде АИТВ-мен өмір сүретін, антиретровирустық терапиядағы адамдар саны артып келеді. Соңғы бес жылда қамту 36-дан 68 пайызға дейін артты. Емдеу сызбасы да жетілдіріліп, заманауи препараттар сатып алынуда. Бұл емделушілердің денсаулығын сақтауға және сапалы өмір сүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының індеті шоғырланған сатыда тұр. 2020 жылдың бірінші мамырындағы соңғы мәліметтерге сәйкес, ел азаматтары арасында АИТВ-инфекциясының жұқтыру оқиғасы көбейе түскені анықталып отыр. Мамыр айының басында Қазақстанда АИТВ-ахуалды адамдардың саны 37 860-қа жетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда АИТВ жұқтырудың жаңа оқиғалары 13 пайызға өскені байқалады. Өкінішке орай, АИТВ-ның жаңа жағдайлары санының артуы – Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін жалпы үрдіске айналып тұр.
Қазақстанда АИТВ жұқтырғандардың басым бөлігін (66 пайыз) ер-азаматтар құрайды. Сол сияқты жаңадан анықталғандардың да басым бөлігі – 30-39 жас аралығындағылар – 39,5%. Соңғы жылдары бұл инфекцияның жыныстық жолмен жұғуы қайтадан белең алып отыр.
АЛМАТЫ