• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Маусым, 2020

Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті

129 рет
көрсетілді

Қаржы, аудит, салық салу және құқық саласындағы қазақстандық қоғамның өкілдері – Қоғамдық кеңеске қатысушылар Қаржы министрлігі мен оның екі Комитетінің (ҚМК және ІМАК) 2019 жылғы қызметінің қорытындылары туралы, бюджеттік бағдарламалардың жобалары мен Министрліктің стратегиялық жоспарының жобасы туралы ақпаратты тыңдады, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз орталығы.

Нәтижелер туралы Қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов баяндады.

Жалпы, Берік Шолпанқұлұлы Министрліктің құрылымы мен штат санын оңтайландыру, жекешелендіру, бизнес-үдерістерді цифрландыру, 2350 ауылдық округке бюджеттің 4-ші деңгейін енгізу, салықтық-кедендік әкімшілендіру және т. б. бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Дәстүрлі түрде мемлекеттік сатып алу, ішкі мемлекеттік аудит саласындағы жетілдіру мен жетістіктер туралы атап өтілді.

Осылайша, мемлекеттік сатып алуда Электрондық дүкен, Электрондық депозитарий және модераторлық институт енгізілетін болады.

Бұл бір көзден сатып алуды қысқартуға, тауарларды 1 күн ішінде бәсекелестік негізде сатып алуға, өтінімдерді қарау және заңды шешім қабылдау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік сатып алу процесіне адам қатысуды толық жою үшін рейтингтік-баллдық жүйені енгізу ұсынылады. Веб-портал автоматты түрде өнім берушілерге балл саны бойынша рейтинг береді, баға және сапалық өлшемшарттарды ескере отырып, конкурс жеңімпазын анықтайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде 50 мемлекеттік қызмет көрсетудің 42-сі немесе 84%-ыавтоматтандырылды. 2019 жылы және ағымдағы жылдың 4 айында 30,7 млн. мемлекеттік қызмет, оның 91% астамы электрондық түрде көрсетілді.

Қаржы бірінші вице-министрі стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды игеру жоғары дәрежедегі тиімділікпен (100-ден 94,9 балл) байқалатынын хабарлады.

Салықтық-кедендік әкімшілендіру бөлігінде салықтық бақылау үшін субъектілерді нүктелі іріктеуге мүмкіндік беретін ТБЖ тұрақты жетілдіріледі.

Бұл шаралар салықтық тексерістерді 29% - ға қысқартты.

Бұл ретте, анықталған бұзушылықтардың сомасы 2 есеге артты - 344 млрд.теңге.

Түсімдердің 36%-ға немесе 323 млрд. теңгеге өсуі қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, тауарларды тазалау кезеңінде кедендік ТБЖ тиімділігі 18%-ға (78%-ға дейін) және кедендік тексеру кезеңінде 26%-ға (49%-ға дейін) өсті, олар кедендік заңнаманы 80 мыңнан астам бұзушылықты анықтауға мүмкіндік берді.

Қаржы мониторингі және Ішкі мемлекеттік аудит комитеттері қызметінің қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері оң пікір берді.

Жалпы, Министрліктің жұмысы экономиканың тұрақты дамуы бойынша стратегиялық міндеттерді іске асыруға, сондай-ақ қазақстандықтардың нақты әл-ауқатын арттыруға бағытталған.