• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 03 Маусым, 2020

Президент ресейлік басылымға сұхбат берді

382 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатында Ресеймен және Беларусьпен арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы көзқарасы мен бірлескен жобалары жайында әңгімеледі.

«Біздің еліміздің азаматтары үшін Ресей ең жақын мемлекет болды және солай болып қала береді. Екі ел арасындағы сенім мен өзара түсіністік ғасырлар бойы қалыптасқан, ауыр сынақтар кезінде біз әрқашан бірге болдық. Көптеген ресейліктер мен қазақстандықтарды туыстық, достық, кәсіби байланыстар біріктіреді. Ресейге деген жылы қарым-қатынасты әлеуметтік сауалнамалар да куәландырады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында.