• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2020

Кәсіпкерлерді несиелендірудің жеңілдетілген механизмдері қалай жұмыс істеуде?

363 рет
көрсетілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы «Даму»  кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалының директоры Светлана Назарюк кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен несиелеу тетіктері  мен шарттары туралы айтып берді.

Қалыптасқан экономикалық жағдай аясында Үкімет отандық бизнес пен кәсіпкерлерді қолдау бойынша дағдарысқа қарсы шаралар қабылдады. Осыған байланысты, Қор қазіргі уақытта кәсіпкерлерден жаңа шарттармен өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады.

Қор негізгі 4 құралды ұсынады. Бұл - жеңілдетілген несие беру, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау,  несиелерге кепілдік беру және жобаларды қаржыландыруға дейін қолдау (сүйемелдеу).

Кәсіпкерлерді келесі несиелендіру үшін банктер, микроқаржы ұйымдары және лизингтік компаниялар арқылы келесі жеңілдетілген несие беру бағдарламаларын қор  жүзеге асырады: Бұлпар -  6% төмендетілген несие мөлшерлемесімен «Еңбек» өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, өндірістік өнеркәсіпті қолдау және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламалары.

Сондай-ақ, бұған 7% мөлшерлеме бойынша қала әкімдігімен бірлескен «Almaty Business-2025» аймақтық бағдарламасы да кіреді. Бұл бағдарлама республиканың өзге өңірлерінің арасында барлық өңірлік бағдарламалар бойынша төмен мөлшерлемемен ерекшеленеді.

«Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын кәсіпкерлерді қолдаудың дағдарысқа қарсы шаралары арасында несиелерді субсидиялау және кепілдендіру тетіктері жеңілдетілді.

«Бизнестің Жол картасы 2025» бағдарламасы қолжетімді болды. Ол Алматы қаласындағы кәсіпорындар үшін аса  маңызды. Өйткені, олардың 60% - ы сауда және бизнес саласында жұмыс істейді», - деп түсіндірді С. Назарюк.

Осылайша салалық шектеулер алынып тасталды, кәсіпкерлер үшін 6 пайыздық мөлшерлеме белгіленді, айналым қаржысын толықтыруға бағытталған кепілдендіру мен субсидиялау несиелерінің сомасы ұлғайтылды,  кәсібін бастайтын кәсіпкерге  360 млн теңгеге дейін несиеге, сонымен бірге несие сомасынан 85 пайызға дейін  кепілдік берілген. Сонымен бірге, бұрыннан келе жатқан кәсіпкерлер үшін 1 млрд теңгеге дейінгі несиеге кепілдік беріледі, кепілдік несие сомасынан  50 пайызға дейін беріледі.

«БЖК – 2025» бағдарламасына азық-түлік, сабын және жуғыш заттар өндірісі, жүк тасымалы, қойма шаруашылығы және қосымша көлік, туризм, жалға беру және жеке немесе жалға берілетін жылжымайтын мүлікті басқару, тазартушы және тегістеуші (жылтыратушы) құралдарды өндіру, тұрмыс пен шарауашылыққа қажетті қағаз және санитарлық-гигиеналық өнімдерді шығаратын ірі  бизнес субъектілерінің жоғарыда аталған салалары енген.

Сонымен бірге, «қарапайым заттар экономикасы» салаларды дамыту бағдарламасының аясында бағдарламаны жалпы қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеге дейін ұлғайған, бағдарламаға енген тауарлар тізімі кеңейген және несие сомасы 3-тен 5 млрд теңгеге дейін болған жағдайда кепілдеме мөлшерлемесі 30 пайызға дейін артқан.

«Биылғы жылы шағын және орта бизнестің мейлінше жоғары сегментін қамту үшін қор баламалы қаржыландыруды енгізу жұмысын бастады», - деп атап өтті «Даму» АҚ өңірлік филиалының директоры.

Сәуір айының басында қор исламдық қаржыландыруды дамыту үшін Al Hilal Ислам банкіне 7,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді. Осылайша, кәсіпкерлер исламдық қаржыландыру қағидалары бойынша егер олардың қызметтері Шариғатқа және  қаржыландыру бағдарламасының шарттарына сай келсе, несие ала алады. Кәсіпкерлер үшін максималды мөлшерлеме 16,5 пайыздан кем емес.

Кәсіпкерлер өздерінің өтініштерін  egov.kz  және online.damu.kz порталдары арқылы бере алады және  online режимде  www.damu.kz, www.online.damu.kz сайттары арқылы немесе  1408 бірыңғай номеріндегі  Call-center-ге телефон шалу арқылы кеңес ала алады (қоңырау шалу тегін). Сонымен бірге, өңірлердегі менеджерлермен тікелей байланысуға болады, байланысу ақпараты Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары мен сайтында орналасқан.