• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Маусым, 2020

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғайтын уәкіл Үкіметке ұсыныстар жолдады

364 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рүстем  Жүрсінов  экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысына бейнеконференциялық байланыс арқылы қатысып, бизнесті жақсартуға ықпалын тигізетін 3 ұсыныс енгізді. 

Р.  Жүрсіновтың айтуынша, ұсыныстар Үкіметте қаралып жатыр. Оның алғашқысы –  «ақылды реттеу». «Шын мәнінде, бұл есеп беруді және бизнеске қойылатын талаптарды оңтайландыру, тәуекелдерді басқарудың дұрыс жүйесін құру бойынша нақты реформалар жүргізу үшін «мүмкіндіктер терезесі»  болмақ. Жарты жыл өтті, әзірге нәтиже жоқ. Дүниежүзілік банкпен жасалған келісім бойынша осы тапсырманың тек техникалық бөлігін әзірлеудің өзі 1 жыл уақытты талап етеді. Мұндай жұмыс үшін бір жыл мерзім тым ұзақ. Бұл үдерісті жеделдетіп, реформаның өзін іске асыруды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау қажет», дейді Рүстем Жүрсінов.

Ал екінші ұсыныс –  шағын бизнеске салық салуды жетілдіру. Қолданыстағы салық салу жүйесі шағын бизнес субъектілері үшін және өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін тым күрделі және түсініксіз.  Кәсіпкер мемлекетке қанша қаржы төлеуі тиіс екенін нақты түсінетіндей жүйе қажет, сондай-ақ кәсіпкердің жұмсалатын уақыты мен күш-жігері де үнемделуі тиіс. «Салық төлеу процесі барынша елеусіз, көзге көрінбейтіндей болуы тиіс. Тиісті сервистік платформаны құрмайынша мұны іске асыру қиынға түспек.

Салық демалысы ұсынылған уақытты пайдаланып, ШОБ үшін барлық салық режимдерін кешенді түрде қайта жазып шығу керек. Бұл ретте басты назар бизнестің іріленуі мен деңгейінің өсуіне аударылуы тиіс» дейді ол екінші ұсынысы туралы ойын қортындылап. Ал соңғы үшінші ұсыныс – экономикадағы мемлекеттің үлесін төмендету. Коммуналдық меншікте 5,6 мың мемлекеттік кәсіпорын, АҚ, ЖШС бар, оның 85%-ы әлеуметтік салада.

800-ден астам субъект немесе 15%-ы әлеуметтік емес кәсіпкерлік қызметпен айналысады. «Өткен жылы ҰКП мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту және мемлекеттік шығындарды оңтайландыру бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Монополияға қарсы органмен бірлесіп, 132 тауар нарығына жүргізілген талдау негізінде мемлекеттік компаниялар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі 347-ден 240-қа (30,8%) дейін қысқартылды. Бұдан басқа жекешелендірілетін нысандардың тізбесін өзектендіру қорытындысы бойынша ҰЭМ-мен бірлесіп, республикалық меншіктің 35 нысанын жекеменшікке беру жөнінде ұсыныстар әзірленді» дейді Р. Жүрсінов.