Еліміздегі «Өрлеу» мұғалімдерінің біліктілігін арттыру Ұлттық орталығы АҚ-ның облыс бойынша қызмет жасайтын институтында да карантин кезінде мұғалімдері үшін қашықтан оқыту курстары өткізілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институтының тренерлері мен тыңдаушылары онлайн оқу жүйесіне көшкен.
Курс тыңдаушыларына интернет-ресурстарды қолдана отырып, жан-жақты ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетілуде; бейнедәрістер өткізіліп, өзіндік жұмыстар, семинарлар ұйымдастырылуда.
Институт директоры Роза Әшімбетованың айтуынша, жыл сайын 2 500-ден астам мұғалім оқу орнына келіп, кәсіби біліктілігін арттырады.
Өңір мұғалімдері-Отандық білім беру саласына енгізілген жаңартылған бағдарлама арқылы оықып, үйренуде.
Жаңартылған бағдарлама арқылы практика жүзінде оқушының қабілетін, функционалдық сауаттылығын ашуға басымдық берілген.
Ал, мұғалім тек бағыт-бағдар ғана беруі тиіс. Ауыл мен қала мектебі және Дарынды балаларға арналған мектептердің мазмұнын бірдей деңгейге жеткізу көзделген.
Сондай-ақ, институтта директорларға арналған курстар, бағдарламалар өтуде.
Маусым айының 2-де «Инновациялық идеядан-жаңартылған білім беру практикасына» тақырыбында аймақтық педагогикалық онлайн-форум өтіп, форумға 23 филолог- педагог қатысты. Іс-шараны модератор, инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Анар Ахметниязова болды.
Форумның мақсаты-озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және тарату, жаңартылған оқу бағдарламаларын жүзеге асырудағы педагогикалық практиканың инновациялық тәжірибесін тарату, педагогтерге кәсіби шеберліктерін жетілдіруде және дамытуда курстан кейінгі қолдау көрсету.
Павлодар, Екібастұз, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері әріптестерімен жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Павлодар облысы