• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2020

Алматыда қоқыс полигоны өртеніп жатыр

425 рет
көрсетілді

Алматы облыстық ТЖД мәліметінше, Іле ауданындағы қоқыс полигоны жанып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz

"10 маусымда сағат 14:26-да Алматы облысының ТЖД кезекші пультіне Іле ауданындағы «Алматы-Өскемен» тас жолының жанындағы тұрмыстық қалдықтар полигонының жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала болжам бойынша өрт 3 га жерді шарпыған. Полигонның жалпы ауданы - 38 га. Соғып тұрған желде өрттің таралуына ықпал етуде. Қазіргі уақытта Алматы облысының ТЖД 16 өрт сөндірушісі мен 5 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, "АДК Таза– Әлем" ЖШС 30 жұмысшы және 2 техникасы көмекке келді. Жергілікті атқарушы органдардан 10 адам мен су таситын 2 бірлік тартылды", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.