• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Коронавирус 16 Маусым, 2020

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 400-ге жуықтады

323 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен тағы 18 адам тіркелді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы Ақтау қаласында 1989 жылы туған әйел адамнан, 1978, 1975 жылы туған 2 ер адамнан және 2020, 2010 жылы туған 2 кішкентай балада анықталды. Бейнеу ауданында 1939, 1967, 1966 жылы туған 3 әйел адамнан, 1978, 1965, 1990 жылы туған 3 ер адамнан вирус белгілері табылды. Мұнайлы ауданында 1976 жылы туған 1 әйел адамнан, 1986, 1975, 1972 жылы туған 3 ер адамнан, 2011 жылы туған 1 кішкентай балада, Түпқараған ауданында 1958 және 1989 жылы туған 2 ер адамда вирус нақтыланды. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған", - делінген хабарламада. Қазір науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекция жасалған. Өткен тәуліктегі жағдай бойынша облыста коронавирус жұқтырған 397 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 251.