• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Маусым, 2020

Англия билігі алдағы қыркүйекте мектептерін ашуға ниетті

541 рет
көрсетілді

Англияның Мектеп хатшысы Ник Гибб үкіметтің алдағы қыркүйек айында барлық оқушыларды ағылшын мектептеріне қайтаруға "нақты ниеті" бар екенін айтты. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Ник Гибб Sky News-ке берген сұхбатында: "Әрине, біз ғылыми және медициналық кеңестерге сүйенеміз. Бұдан бөлек, біздің мектептерде миллионнан астам оқушы білім алады, сондықтан барлығын сақтықпен жасаймыз", дейді Мектеп хатшысы. Оның айтуынша, үкімет мектептермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Сол себепті кеңес беруге әрдайым ниетті екендерін жеткізді.