Эмомали Рахмон Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды алаңдаушылықпен қабылдады, - деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
"Сізге бауырластық қолдауымды білдіргім келеді. Шын жүректен тезірек толық сауығып кетуіңізді және ұзақ ғұмыр, бақ-береке тілеймін. Сізге деген зор құрметім мен ыстық ықыласымды қабыл алыңыз", - делінген жеделхатта.