Apple компаниясының басшылығы өз елінде коронавирус инфекциясының өрши түскендігіне байланысты бірқатар фирмалық дүкенін жапқанын хабарлады.
Елдің Флорида, Аризона, Солтүстік Каролина және Оңтүстік Каролина сияқты штаттарындағы 11 сауда орны жұмысын тоқтатпақшы. Аталған штаттарда вирус жұқтырған адам саны күрт көбейіп, дәрігерлердің алаңдаушылығын туғызуда.
Биылғы наурыз айында компания Қытай елінен басқа жердегі дүкендерін жапқан болатын. Өткен айда жағдай көп тұрақталған соң барлық жерде дүкендер қайта ашыла бастап еді. Енді, міне аурудың таралуы бой бермей бара жатқан соң АҚШ-тың кейбір өңірлерінде қайтадан шектеулер қойылып отыр. Осыған байланысты Apple компаниясы жалпыға бірдей ережелерді сақтап, өз қызметін тоқтата тұруға шешім қабылдады.