• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Маусым, 2020

Сарысу ауданының ауылдарына бағдарлама аясында көмек көрсетілуде

970 рет
көрсетілді

Елімізде жүзеге асып жатқан "Ауыл – ел бесігі" жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту болып табылады, - деп жазады Egemen.kz.

Аталған жоба шеңберінде бүгінде еліміздің әрбір өңірлерінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы бойынша "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында Саудакент және Жайылма ауылдары тірек елдімекендері ретінде, ал, Жаңаталап, Ұйым, Игілік, Өндіріс, Қызылдихан, Маятас, Ақтам, Әбілда елдімекендері спутниктік ауылдар ретінде айқындалып, іріктеліп алынған. Ағымдағы жылдың бюджетіне бірінші траншпен "Ақбота" балабақшасының ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына 234,7 миллион теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары Жамбыл облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы жүргізілген. Бүгінгі таңда "Ернұр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз атанып, тиісті жұмыстар басталып та кетті.

Республикалық бюджетті нақтылау барысында екінші траншпен Саудакент елдімекеніндегі 22 негізгі көшенің жол жабындыларын жөндеуден өткізу жұмыстарына 334,3 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде 4 көше жарықтандырылады. Сонымен қатар, Ұйым ауылындағы Ғ.Мұратбаев көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге 13,3 миллион, ал, Саудакент ауылындағы спорт кешенінің құрылысына 260,9 миллион, Жаңаталап ауылындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 79,9 миллион теңге, барлығы 688,4 миллион теңге қаражат бөлінген. Ал, Сарысу ауданы әкімдігінің мәліметінше, алдағы жылдары аудандағы тіректі елдімекендер мен спутниктік ауылдарға да тиісті қаражат бөлінетін болады.

 

Жамбыл облысы