• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Маусым, 2020

Қостанайда Қап тауынан әкелінген 130-дан астам автокөлік тіркелді

205 рет
көрсетілді

Қостанай облысында Армениядан әкелінген 130-дан астам автокөлік тіркелген. Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григоревскийдің айтуынша, аймаққа  жалпы саны 763 армениялық автокөлік әкелінген, деп хабарлайды Egemen.kz

"Үкімет қаулысына сәйкес ел аумағында 2020 жылдың 1 маусымынан 1 қыркүйегіне дейін Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Қостаанй облысына әкелінген көліктердің басым бөлігі − Қостанай, Рудный, Лисаков қалалары мен Қостанай және Әулиекөл аудандарында. Бұған дейін автокөлік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде бүгінде 135-тен астам машина тіркелді, деді А.Григоревский.

Мамандандырылған ХҚКО-да азаматтар көлігін небәрі 15-20 минут ішінде тіркеуге тұрғыза алады. Көлік иесі ол үшін тіркеу алымын, техникалық паспорт пен мемлекеттік тіркеу нөмірінің бажын төлеуі керек. Мұның барлығы 11 946 теңге болады. Тіркеу орнына жеке куәлік, КО және МТНБ-ны есепке алу туралы Армения куәлігін көрсету қажет.

Армениялық көліктің техникалық паспорты мен бастапқы мемлекеттік нөмірлік белгісі ХКҚО-да сақталады. Көлік иесі көлігін сатқысы, немесе елден шығарғысы келген жағдайда,  жаңа нөмірді ХКҚО-ға қайтарып, бұрынғысын ала алады.

Қап тауынан әкелінген көлік құралдары биыл 1 қыркүйекке дейін заңды тіркеуден өтпесе, көлік иесі әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатын болады.