Еуропадағы шекаралар коронавирусқа байланысты қайта жабылуы мүмкін. Бұл нұсқаны ЕО-ның белгілі бір елінде жұқтырғандар санының күрт өсуінен болды, деп мәлімдейді Германияның Сыртқы істер министрі Хайко Маас, деп жазады Egemen.kz
Министр Хайко Маастың айтуынша, аталған шешімдер үйлестіріліп, Еуроодақ деңгейінде дауыс беру рәсімінен өтуі тиіс екенін нақтылады.
Естеріңізге сала кетейік, мамыр айынан бастап Еуроодақ пен Шенген аймағының шекарасы үнемі ашылып тұрды. Шілде айында Оңтүстік Корея мен Жаңа Зеландиядан келгендерге ЕО-ға кіру үшін шектеулер алынып тасталуы мүмкін.
Ресей, АҚШ және Бразилиядан келген туристер тек ерекше жағдайларда ғана кіруге рұқсат ала алады. Соңғы екі апта ішінде елдегі CОVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайларының саны – 100 мың тұрғынға 16 немесе одан аз жағдай болуы тиіс еді.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап Германия Еуроодаққа төрағалық етеді. ГФР бұдан бұрын өзінің басты мақсаттарын – 2027 жылға дейінгі ЕО елдерінің экономикасына көмек көрсету бағдарламасы туралы келісімді белгіледі. Сондай-ақ Brexit жөніндегі келіссөздерді және АҚШ, Қытай және Ресеймен бәсекелестік қатынастарда ЕО-ның позициясы туралы нақты мәлімдеді.