• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2020

Қостанай облысында әлеуметтік осал топтарды қолдау орталығы ашылды

273 рет
көрсетілді

Қостанайдағы "Үміт-Надежда" қоғамдық бірлестігі  пандемия жағдайында әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету орталығын іске қосты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Сорос-Қазақстан" қорының қолдауымен ашылған орталық жергілікті органдармен, ҮЕҰ және БАҚ-пен бірлесе жұмыс істейді. Жоба шеңберінде қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, гемодиализ алатын науқастарға, ерекше қажеттілікке ие балалары отбасыларға көмек көрсетеді.

"Біздің қолдау орталығының жұмысы пандемия кезінде қолданыстағы телефон желілерін жеңілдетуге және халықтың әлеуметтік осал топтарына жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Біз ауыр жатқан науқастарды, мүгедектерді, қарт адамдарды, керуетке таңылғандар мен мүгедектер арбасын пайдаланушылар үшін арнайы көтергіш платформасы бар мамандырылған көлік жұмысын ұйымдастырдық. Сондай-ақ мұқтаж отбасылар үшін тегін азық-түлік, гигиеналық құралдар дайындап, дәрі-дәрмектерді, гигиена құралдарын, медициналық маскаларды тегін жеткізу жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз", - деді "Үміт-Надежда" ҚБ төрағасының орынбасары Аруна Жақсағұлова.

"Сорос-Қазақстан" қорының басқарма төрағасы  Аида Айдарқұлованың айтуынша, "Үміт-Надежда" бірлестігі қолға алған жоба COVID-19 салдарларымен күрес бойынша қолдау тапқан 20 жобаның бірі.