• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Шілде, 2020

Анталия әуежайында COVID-19 сынақ зертханасы ашылды

492 рет
көрсетілді

Пандемияға қарсы іс-шаралар аясында Анталия әуежайында COVID-19 сынақ зертханасы ашылды. Бұл туралы Анадолу агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін Түркияның барлық ірі әуежайларында коронавирустық инфекцияны (COVID-19) анықтау бойынша тест-орталықтар ашылды. Қалған әуе айлақтарындағы орталықтар 15 шілдеге қарай ашылады. Түркия Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсойдың айтуынша, "Қауіпсіз туризм" сертификатын алу үшін 727 қонақ үй мен 900 мейрамханаға дейін ведомствоға берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 20 маусымнан бастап Қазақстан Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд, Грузия және Жапонияға халықаралық ұшуларды қайта бастады. 11 маусымда Түркия Иранмен құрлықтағы шекараны қоспағанда, Түркия азаматтары мен басқа елдердің азаматтарына кіруге және шығуға шектеу қойды. 21 Маусымда Түркияға ұзақ карантиннен кейін 21 Маусымда Түркияға Алматы – Анталия бағытындағы алғашқы Қазақстандық рейсі ұшып кетті. Анықталғандай, төрт жолаушы коронавирусты жұқтырған. Қазір олар Анталия қалалық ауруханасында.