• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Шілде, 2020

Арқалықта этанолдан уланып 9 адам көз жұмды

813 рет
көрсетілді

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі алғаш 11 адам этил спиртінен  уланып мерт болды деген мәлімет таратып еді. Араға 1-2 сағат салып, денсаулық сақтау департаменті олардың екеуінің тірі қалғанын хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

"Бізге бір тәуліктің ішінде алкогольді ішімдіктен уланған 11 адам келіп түсті. Ауруханаға жеткізілгенде бәрі есс-түссіз күйде болды. Тоғыз адам  ақыры есін жия алмады. Жедел қолға алынған емдеу және реанимациялық шараларға қарамастан, өкінішке қарай, 9-ы да жан тапсырды. Қазір жан сақтау бөлімінде аса ауыр жағдайда 2 адам жатыр. Екеуі де алкогольден уланған. Соған қарамастан, бүгін бір науқастың көру қабілеті қалпына келді.

Уланғандардың әрқайсы  әр түрлі мекенжайдан. Екеуі кеңшардан жеткізілді. Жас мөлшерлері де, әлеуметтік жағдайлары да әр түрлі. Арасында шаңырақ құрғанына көп бола қоймаған жап-жас ерлі-зайыптылар да бар. Өкінішке қарай, артындағы балалары тұл жетім қалды", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

 

Қостанай облысы