• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2020

Алматы облысында өкпесі қабынғандардың үлесі 2,5 есеге көбейген

388 рет
көрсетілді

Осы сәтке дейінгі дерек бойынша Алматы облысында пневмония диагнозымен 2517 науқас ем қабылдауда. Оның ішінде 86 науқастың жағдайы алаңдатарлық, 17 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Өкінішке қарай, өткен жылмен салыстырғанда облыста өкпесі қабынғандардың үлесі 2,5 есеге көбейген. Науқастар арасындағы өлім-жітім көбейіп кеткен. Былтырғы жылдың осы мерзімінде пневмониядан 90 адам қайтыс болса, қазір 190 адам дерттен көз жұмған. 

- Облыста соңғы аптада провизор бөлімінен 618 адам емделіп шықты. Жалпы, күн сайын өкпесі қабынған жүз елуден астам науқас емделіп шықса, осы диагнозбен емханаға түсетіндер саны екі жүзге дейін жетіп отыр. Ауруы асқынған пациенттер санының өсуіне байланысты инфекциялық стационарда соңғы екі аптада төсек санын 3 есе яғни, 17 стационарлық мекемеде 150-ден 500-ге дейін артты. Пневмониямен ауыратын науқастарды емдеу үшін 31 стационарда төсек саны мыңнан үш мыңға дейін көбейтілді. Мәселен, Талдықорған қаласындағы 300 орындық инфекциялық стационар облыстық аурухана базасына көшірілді. Тері - венерологиялық диспансер базасында 85 провизорлы төсек орын ашылды.Сонымен қатар, бүгіннен бастап облыстық фтизио - пульмонология орталығында 120 төсектік провизорға науқастарды қабылдау басталды. Талдықорған қаласы бойынша 532 провизорлық қабылдау орны 532 төсекке дейін жетті, - деп мәлімдеді індетпен күрес жұмысы жайлы онлайн брифингте облыс әкімнің орынбасары Батыржан Байжұманов.