• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2020

Ақтөбе облысында 219 интернет алаяқтық тіркелді

438 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында биыл бірінші жарты жылдықта ақпараттық жүйені пайдаланушыларға қатысты алаяқтық фактісі бойынша 219 қылмыстық іс тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/aqtobe-oblysynda-219-internet-alayaqtyq-tirkeldi/

Оның ішінде 68 іс ашылды.

Алаяқтықтың ең көп таралған түрлерінің бірі – интернет алаяқтық. Ұялы қосымшадағы “мобильді банк” қызметін пайдалану арқылы алаяқтық фактілері айтарлықтай жиілеп кетті. Бұл қызметті адамдардың банк шотын және карта нөмірін білу арқылы жүзеге асырады. Мысалы, сіз пәтерді немесе машинаны сату туралы хабарландыру бердіңіз, біраз уақыттан кейін сізге сатып алушы қоңырау шалып, алдын ала төлем жіберу үшін банкомат карточкасының нөмірін жіберуді сұрайды. Қылмыскерлер сіздің банкомат карточкаңыз туралы ақпаратты иеленгеннен кейін шоттан ақша қаражатын жымқырады.

Әдетте, алаяқтар өз құрбандарын арзан бағамен және тиімді ұсыныстармен тартады және ақша қаражатын электрондық әмиянға аудару арқылы алдын ала төлем жасауды талап етеді. Көптеген адамдар ақшаны алғаннан кейін байланысқа шықпайтын белгісіз адамдарға төлем терминалдары арқылы аударады.

Осыған байланысты полиция тұрғындарға кеңес береді:

– Сіздің картаңыздың жай-күйі туралы Сізге хабарлай алатын жалғыз ұйым – қызмет көрсететін банк екенін есте сақтау қажет. Егер сіздің картаңызбен бірдеңе дұрыс емес деген күдік болса, Егер сіз оны бұғаттау туралы смс–хабарлама алған болсаңыз, дереу банкке хабарласыңыз;

– смс-хабарламада көрсетілген нөмірлерге қоңырау шалмаңыз және хабарлама жібермеңіз, бұл үшін қосымша ақы алынуы мүмкін; 

– банк картасы туралы деректерді, бір реттік жасырын сөздерді, смс-кодты айтпаңыз, бұл ақпарат құпия және сіздің картаңызды жеке кабинет арқылы басқарады;

– ақшаны белгісіз шоттарға және телефон нөмірлеріне аудармаңыз; 

– хабарландыруды мұқият оқып, оны орналастырған адам туралы ақпаратты қараңыз. Ұқсас тауарлардың орташа құнын қараңыз. Тым төмен құны сізге күдік тудырады. Егер сатушы сатып алынатын тауар үшін толық немесе ішінара алдын ала төлемді электрондық шотқа аударуды талап етсе, бейтаныс адамға қаншалықты сенуге дайын екеніңізді ойланыңыз.

Бейтаныс адамдарға анонимді төлем жүйелері арқылы ақша аудара отырып, егер мәміле жасалмаса, оларды қайтару кепілдігі жоқ екенін есте сақтаңыз.