Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Берік Имашев аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес республика бойынша ұсыну кезеңінде Сенат депутаттығына 94 кандидат ұсынылғанын айтты, - деп жазады Egemen.kz.
"Салыстырмалы түрде 2017 жылы Сенатқа кезекті сайлауда 89 кандидат ұсынылған, 2014 жылы – 88, 2011 жылы – 96 кандидат ұсынылған болатын. Қазіргі уақытта Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр. Ол осы ағымдағы жылдың 23 шілдесіне дейін жалғасады", - деді Берік Имашев.
Оның айтуынша, сенатордың бір мандатына орташа алғанда 5 үміткерден келеді.
"ҚР ОСК ақпараты бойынша, Парламенттің жоғарғы палатасында орташа есеппен 5 үміткер бір орынға үміткер. Биылғы жылы үміткерлердің ең көп саны Алматы облысында – 9, Нұр-Сұлтан қаласында – 8, ең азы – 4 үміткер Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында ұсынылды", - дейді ОСК төрағасы.