Үкімет басшысы Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы жөніндегі комиссия құру туралы шешім жобасын енгізуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz
"Комиссия жер ресурстарын одан ары пайдалану бойынша нақты ұсыныстарды дайындауы қажет", - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.
Премьер-Министр сондай-ақ бірінші вице-премьер Әлихан Смайыловқа мемлекеттік органдар және ұлттық холдингтармен бірлесіп, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін пысықтап, екі аптаның ішінде шешім жобасын енгізуді жүктеді.
"Сондай-ақ әкімдіктер мен Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне бірлесіп, "Жұмыспен қамту" бағдарламасын тиімді іске асыруды қамтамасыз етіп, тұрақты жұмыс орындарын санын ұлғайтуды тапсырамын", - деді ол.