• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Шілде, 2020

Хакерлер коронавирус вакцинасын ұрламақшы болды ма?

795 рет
көрсетілді

Аctualnews.org порталының хабарынша, британдықтар ресейлік хакерлерді осылай деп айыптап отыр.

Олар өз елінде коронавирусқа қарсы жасалып жатқан вакцинаны Ресейдің барлау қызметіне қатысы бар адамдар қолды етпекші болды деген хабар таратқан. Бұл туралы тиісті дәлелдерді Ұлыбританияның Киберқауіпсіздік орталығы (NCSC) келтірген көрінеді.

Ресейлік агенттер мақсаты COVID-19 вирусына арнап жасалған вакцина туралы құнды мәліметті хакерлік шабуыл арқылы ұрламақшы болған. Бұл туралы Британ үкіметінің онлайн-порталында арнайы мәлімдеме жасалды.

NCSC мамандарының айтуынша, хакерлердің құрбаны бірнеше елдегі мекемелер болуы мүмкін. Бірақ, қауіпсіздік мақсатында деген желеумен қандай елдер мен мекемелер екені ашық айтылмады. Британдық коронавирусты зерттеуші ғалымдардың пікірінше мұндай әрекеттер ресейлік АРТ29 хакерлік тобының тарапынан жасалып отыр екен.

Ресей жағы бұл айыптаудың негізсіз және дәлелсіз екенін ресми хабарлады. Ресей Федерациясы президентінің Баспасөз хатшысы Дмитрий Песков өз елінің билігі хакерлермен ешқашан да байланыста болмағанын айтты.