• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Шілде, 2020

Амандық Баталов вируспен күрестегі сақтық шараларын күшейтуді тапсырды

255 рет
көрсетілді

Өңірде қалыптасқан эпидемиялық жағдайға байланысты облыс әкімі Амандық Баталов Жетісу аймағының өмір-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар мен мемлекеттік органдардың жұмысының үздіксіз жүруін қамтамасыз етуді тапсырды.

Атап айтқанда, облыс әкімі барлық аудан, қала әкімдеріне эпидемиялық жағдайды жеке бақылауына алу, инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын күшейту, жедел жәрдем қызметінің жұмысын қадағалау, инфекциялық ауруханаларға қажетті дәрі-дәрмекпен, төсек орнымен қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.

Сонымен бірге Амандық Баталовтың тапсырмасымен облыс аумағында дезинфекция жүргізілетін болады, әсіресе, дезинфекциялау жұмыстары ғимараттарда, қоғамдық орындарда жүргізілмек. Сол сияқты аудандық, қалалық молильді топтардың жұмысын нығайту, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру шараларын арттыруды, сонымен қатар еңбек ұжымдарында ПЦР-тест өткізу, ғимараттарда бетперде режімін сақтау тапсырылды.

Санитарлық эпидемиялық жағдайды тұрақтыру жұмыстары демалыс күндері де жалғастырылатын болады.