Мұнайлы өңірдегі ірі кәсіпорын ауруханалар үшін сатып алған 40 оттегі концентраторын жеткізіп берді. Енді концентраторлар ауруханаларға бөлінеді, деп жазады Egemen.kz
"Компания басшылары Атырау облысына қосымша көмек ретінде 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлуге шешім қабылдады. Бұл қаржы денсаулық сақтау мекемелеріне қажетті қондырғылар мен құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалады", дейді Рзабек Артығалиев.
Оның айтуынша, "Теңізшевройл" бұдан бұрын коронавирус пандемиясымен күрес үшін облыстың медицина саласына 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Сондай-ақ компания есебінен ПТР-аппараттарын, реанимобильдер мен жедел жәрдем көліктерін, термоксканерлері мен №2 инфекциялық ауруханаға 6 оттегі концентраторын сатып алып берген.