• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Саясат 27 Шілде, 2020

«Самұрық-Қазына»: экономиканы қолдаудың жаңа тетігін ұсынды

92 рет
көрсетілді

«Біз қалыптасқан күрделі ахуалға тез бейімделуге және дағдарысты еңсеруге септігін тигізетін экономиканың негізгі драйверлерін айқындауға тиіспіз. Экономикамызды әрі қарай дамытуда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басты рөл атқарады», деген Тұңғыш-Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев компаниялардың тиімділігін арттыру үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін, сондай-ақ елімізді кешенді орнықты даму бағдарына шығуға дайындау керектігіне баса назар аударға болатын. Осы орайда Қор ұлттық экономиканы және отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында компаниялардың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бастамаларды ұсынып отыр. Бүгінгідей қысылтаяң шақта дағдарыс жағдайындағы қазақстандық кәсіпорындарға қолдау көрсету іс-шаралары жөнінде Қордың Басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов онлайн-брифинг барысында тарқатып айтып берді.

– Биыл маусым айында Елба­сының төрағалығымен өт­кен Қорды басқару жөніндегі кеңесте, әлемдік экономикадағы қалыптасқан жағдайда, отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған шаралар жөнінде есеп берген болатынбыз. Айта кету керек, бұл бағыттағы ауқымды жұ­мыс­тар «Атамекен» палатасы және салалық қауымдастықтармен тығыз байланыста іс жүзінде атқа­рылуда. Тұтастай алғанда, биыл Қазақстандық тауар өндірушілер жылы деп белгіленді. Ақпан айын­да тұңғыш рет өткен «Самұрық Бизнес Форумы» осы жұмысқа ерекше серпін беріп, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жаңа ұсы­ныстар қалыптастырылды. Алдын ала болжау негізінде және бизнес өкілдерінің сараптауы бойынша, аталған шаралар, Қор компанияларының қаржысын үнемдеп, Қазақстандық тауар өндірушілердің қарқынды дамуы­на нақты және мол мүмкіндік береді, – деген ол қабылданған шаралар арқасында тиімді нә­тижеге қол жеткізілгенін атап өтті. Әлішер Пірметовтің айтуын­ша, бағдарлама «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының өнімдерін өткізуде тығырыққа тірелген кә­сіпорындармен тікелей шарттар жасасуды көздейді. Өз кезегінде бұл компаниялар тобына қажетті тауарларды сатып алуға, ал кәсіп­орындарға өндірістік процесті тоқтатпауға және жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді.

– Қордың импортты алмастыру бағдарламасы айтарлықтай кеңейіп келе жатыр. Осыған байланысты біз сатып алу қызметіндегі дәстүрлі тәсілдерді қайта қарастырдық.

Егер бұрын ол тек холдингішілік операциялық функцияны көздеген болса, қалыптасқан жағдайда ол отандық бизнесті қолдаудың нақты тетіктерін қамтиды, – деді Әлішер Пірметов.

Жұмыс істеп тұрған кәсіп­орындарды қолдау бағдар­лама­сының нәтижелері бойынша сомасы  28,3 млрд теңге болатын 47 жоба қаралды, бұл 38 өндірушіні қамтиды. Кәсіпорындардың жос­парланған жүктемесі орта есеппен 35%-дан 85%-ға дейін ұлғаяды, тоқтап тұрған 2 мың жұмыс орны қалпына келтіріліп, 800 жаңа жұмыс орны құрылады. Аталған артықшылықтар мен пайдалардан басқа, бюджетке өндірістік жүктемені ұлғайту есе­бінен 6 млрд теңгеге жуық салық түсетінін атап өту қажет.

– Егер жоғарыда айтылғандарды түйіндесек, жаңа тәсілдерді іске асыру жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, бюджетті қосымша салық түсімдерімен қамтамасыз етіп және жаңаларын құруға мүмкіндік бере отырып, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдаудың нақты тетігі болатынын айтуға болады. Қор отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі жұмысты одан әрі жалғастыруға ниетті. Қор отан­дық тауар өндірушілерді қол­дау бойынша жүйелі жұмыс­ты­ одан әрі жалғастыруға ниет­­­ті. Мұндай жүйелі шара­лар Қазақстан экономикасына шикізат нарықтарының конъюнктурасына аз тәуелді бола отырып, жаңартылған әлеуеті бар дағдарыстан шығуға ықпал ететін болады, – деп сөзін жалғады ол.

Естеріңізге сала кетсек, «Самұрық-Қазына» қоры 2020 жылды қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау жылы деп жариялап, бірқатар шараларды нақтылаған болатын. Олардың бірі оффтейк-келісімшарт механизмі мен импортты алмастыратын өнім тапсырысына кепілдік беру құралы болды. Қор «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жаңа өндірістер құру бо­йынша инвестициялық жобаларды қарастырды. Әлішер Пірметов 2019 жылы іске қосылған импорт алмастыру бағдарламасы туралы да айтып өтіп, бағдарлама аясында импорт алмастыруға бағытталған жаңа өндірістерді нақты құ­руға бағытталған жаңа бас­тама­ларды қолдау үшін оффтейк-ке­лісімшарттарының механизмі іске асырылып жатқанын жеткізді.

– Осы мақсатта біз Үкімет жа­нындағы Жобалау Кеңсесімен, Кәсіпкерлер палатасымен және салалық қауымдастықтармен жұмыс істейміз. Аталған шаралар мен жаңа тәсілдер бизнес-қауымдастықпен өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктерін жоққа шығармайды. Сондықтан бүгінгі алаңда бизнес ортада кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер туралы ақпарат бер­гіміз келді. Мұндай жүйелі ша­ралар, сөзсіз, Қазақстан экономикасына шикізат нарықтарының коньюктурасына аз тәуелді бола отырып, жаңартылған әлеуеті бар дағдарыстан шығуға ықпал ететін болады, – деді Әлішер Пірметов.

Брифинг аясында Әлішер Пір­метов кәсіпкерлер мен тауар өндірушілермен арнайы құрылған сайтты көпшілік назарына ұсынды. Аталған сайт (https://svoyzavod.­kz/)­­ арқылы оффтейк-шарт жаса­су немесе импорт алмастыру үшін пулға тауарларды енгізуге өтінім беруге болады. Өз кезегінде, Қор компаниялар тобы өндірушілерге олардың өнімдерін сатып алуға кепілдік береді. 2018-2020 жылдар қорытындысы бо­йынша Қор компаниялар тобы 37 оффтейк-шарт жасап, инвестиция көлемі 218 млрд теңгені құрады. Одан бөлек 2 мың жаңа жұмыс орны құрылып, кәсіпорындар 11,5 млрд теңге салық төледі. «Самұрық-Қазына» ұсынып отыр­ған іс-шаралар отандық тауар өндірушілерді қолдаудың әжеп­тәуір тетігіне айналады. Қор­дың сатып алуларына отандық өн­дірушілердің қолжетімділігін кеңейту, қолданыстағы бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін енгізу, ішкі сұранысты қанағаттандыруға бағытталған жаңа өндірістерді құру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру дамудың қосымша кеңістігін қалыптастырып отыр.