• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Медицина 28 Шілде, 2020

Індетпен күреске үлес қосып жатыр

117 рет
көрсетілді

Қазіргі қысылтаяң кезеңде денсаулық сақтау жүйесінің барлық ресурсы қауіпті індетке қарсы іс-шараларға жұмылдырылды. Дауасыз дерттің бетін қайтаруға бағытталған бұл ауқымды жұмыстар Медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылды.

 

Қор тарапынан 56,7 млрд теңге бөлінді

Пандемия кезінде медициналық ұйым­дардың көбі індет жұқтырғандарды ем­дейтін болып қайта бейімделді. Бұл ретте күні-түні қызмет еткен дәрігерлерге де ұдайы қолдау көрсетілді. Індетке қар­сы іс-шаралардың жан-жақты ұйым­дас­тырылуына міндетті әлеуметтік сақ­тан­дыру жүйесі біраз үлесін қосып жатыр. Осы жөнінде Орталық коммуникациялық қыз­­меті алаңында Әлеуметтік меди­ци­на­лық сақтандыру қорының басқарма төр­аға­сы Болат Төкежанов кеңінен айтып берді.

Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы күрес шараларына жалпы 56,7 млрд теңге бөлінді. Халыққа көмек көрсету үшін 630 мекемемен шарт жасалды. Медициналық көмек пен стационарлардағы ем үшін – 13,4 млрд теңге, қауіпті аймақтарда жұмыс іс­теген медициналық қызметкерлерге үс­теме­ақы төлеуге – 38,1 млрд теңге, ПТР диаг­нос­тикаға 5,2 млрд теңге қа­рас­тырылған.

Бірінші кезекте тұрған маңызды мін­деттерді жедел орындау үшін рес­пуб­ликалық комиссия санитарлық-эпидемиялық саламаттық саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, өңір­лердегі денсаулық сақтау басқарма­ларының тізбесі бойынша медициналық қызмет көрсететін мекемелермен тікелей шарт жасау туралы шешім қабылданды. Қор маусым айының соңында жеткізуші мекемелелерге көрсетілген қызметтер мен қауіпті аймақта жұмыс істеген медицина қызметкерлеріне 44 млрд теңге төледі. Бұл қаржы бөлінген жалпы соманың 75 пайызын құрайды.

«Наурыз айынан маусым айына дейін Қазақстанда 150 мың науқас коронавирус пен пневмониядан емделді. Осы мақсатта ӘМСҚ ауруханаларға 9 млрд теңгеден астам қаржы төледі. Наурыз айы­на қарағанда маусымда бір күндік төсектік-орындармен науқастардың қамтылуы – 8 есеге, жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек-орынның қамтылуы 23 есеге өскен. Сондай-ақ провизорлық стационарларда бір күндік төсектік-орын саны наурыз айында 21 мың болса, қазір 100 мыңнан асты. Медициналық көмек сапасын жақсарту үшін шілде айында медициналық ұйымдар үшін тарифтер артты. Енді провизорлық стационарда әрбір төсектік-орын күніне – 22 мың теңге, тәулік бойы стационарларда болғаны үшін 32 мың теңге, науқасты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдеудегі төсек-орын күні үшін 70 мың теңгеден аса қаражат қор тарапынан өтеледі. Бұл қызметтерге тарифті көтеру қор жеткізушілерінің санын көбейтуге, жеке ауруханаларды белсенді тартуға және коронавирустық пневмониясы бар науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. Бұған қоса медициналық сақтандыру қоры стационарлар мен емхана дәрігерлерінің жолдамалары бойынша 300 мыңға жуық ПТР зерттеулеріне 3,5 млрд теңгеден аса сомаға төлем жасады», деді Болат Төкежанов.

 

Ем-дом шаралары үшін жаңа тарифтер әзірленді

Сонымен қатар баспасөз жиынында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі кедергілердің алдын алу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «СҚ-Фармация» компаниясымен бірлесіп жасалған келісімшарт сомасын 100% алдын ала төлегені мәлім болды. Бұл бірыңғай дистрибьюторға жыл соңына дейін жеткізілетін препараттар үшін жеткізушілер мен өндіруші зауыттарға алдын ала төлем жасауға мүмкіндік берді. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту үшін қажетті шаралар қолға алынып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі қосымша бес дәрі-дәрмек түрін енгізу мәселесін қарастыруда. Бұл дәрілер де алдыңғы қатарда жүрген дәрігерлердің тағайындауымен қолжетімді болмақ. Министрлік бұйрыққа өзгерістер енгіз­геннен кейін аталған қор өңірлік денсау­лық сақтау басқармаларының өтінімдері негізінде оны үздіксіз сатып алу үшін қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

«Қазір қосымша 110 млрд теңге бөлу мә­се­лесі қарастырылып жатыр. Ал мін­детті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында елімізде қосымша 140 млрд теңге бөлінеді. Бұл есеп әлі нақтыланады. Өйткені бұл коронавирус пен пневмония бойынша эпидемиялық жағдайдың қалай өрбитініне тікелей байланысты. Қор КВИ диагностикасына, емдеуге және асқынуларға байланысты барлық шығынды медициналық ұйымдарға өтеу үшін емдеудің ауырлығын ескере отырып, жаңа тарифтер әзірледі. Осылайша коронавирус инфекциясының жеңіл деңгейіндегі бір науқасты – 292 600 теңгеге, орташа деңгейдегі науқасты – 446 100 теңгеге, жағдайы мүшкіл науқасты 1,5 млн теңгеге емдейді. Өте ауыр халдегі науқасты емдеу үшін қор бір науқасқа 1,7 млн теңге төлейді. Жедел жәрдем көрсету тарифінің құрылымында жеке қорғану құралдарына жұмсалатын шығындар орта есеппен 40%-ға артты. Қордың қосымша жоспарланған қаржыландыру көлемінен мобильді бригадалардың жұмысына шамамен 7,7 млрд теңге жіберіледі. Тіпті қазір емханалар мен отбасылық амбулато­рия­лар жанынан дәл осындай 3 мыңнан аса бригада құрылды», деді Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қорының басшысы.

 

Томография қызметінен көмек көп

Бұған қоса Б.Төкежанов журна­лис­тер­дің сауалына қарай елде көптеген аза­мат өкпенің зақымдалуын анықтау үшін компьютерлік томографиядан өтке­нін, сондықтан маусымнан бастап КТ-ға жүгінудің күрт өсуі байқалғанын, бірақ диаг­ностиканың бұл түрі белгілі бір кли­никалық симптомдары бар пациенттерге көрсетілгенін мәлімдеді.

Ентігу, тыныс алудың қиындауы, кеуде қуы­сының ауыруы, қандағы оттегі дең­гейінің төмендеуі сияқты белгілер болған жағдайда дереу дәрігермен байланысу немесе жедел жәрдемге қоңырау шалу қажет. Компьютерлік томография ка­би­неттерінің өткізу қабілетін де ескеру керек. Әр па­циенттен кейін санитарлық өң­деу жүргізілетіндіктен, бұл кезек күту уақытын арт­ты­рады. Осыған байланысты елордада КТ жұмысын тәулік бойы режіміне ауыстырды.

Қазір елімізде 135 томограф жұмыс істейді. Жарты жылда 1,6 млрд теңгеге 135 778 КТ қызметі көрсетілген. Қор үшін бір суреттің құны 7 215 теңге, ал контрастау бойынша 27,5 мың теңге тұрады.

Тыныс алу жолдарының ауруларын диагностикалау үшін хаттамаға жо­ға­ры рұқсаты бар цифрлы рентгенография аппа­раттары енгізілген. Еліміз­де 3 мың­нан аса рентген-аппараты жұ­мыс істейді. Оның 1118-і жылжымалы, олар ауылда диаг­ностикалық қызмет көр­сету үшін қол­да­нылады. Аудандық ауруханалар үшін тағы 53 рентген аппараты сатып алынып жатыр.