• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Шілде, 2020

Алакөлдік кәсіпкер ауруханаға тыныс алу аппаратын тарту етті

214 рет
көрсетілді

"Жақыныңа жанашыр бол" деген бастамаға барынша үлес қосуға бел буған жетісулықтар қайырым жасау ісін жалғастырып жатыр. Игі шараға әр аудандағы қарапайым тұрғындардан бастап, қалталы азаматтар қостап ат салысуда. Еріктілердің еңбегі арқасында жергілікті ауруханаларға қажетті құрал-жабдық сатып алу, дәрігерлер мен науқастар үшін азық-түлік пен дәрі сусын жеткізіп беру жолға қойылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Абыройлы іске Алакөл ауданының жомарт қолды азаматтары да үлес қосып, өз көмектерін беруде. Солардың қатарында кәсіпкер, бүгінде Алматы қаласында орналасқан "Surveygroup" ЖШС бас директоры Ержан Манапов та бар.

Ол туған өңіріне қарайласып, аудандық ауруханаға 4 жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты.Кәсіпкер жалпы құны 1 млн 440 мың теңге тұратын оттегі концентраты құрылғысын Қытайдан алдырған екен. Індет белең алып тұрғанда мұндай оттегі концентраторларының науқастар үшін пайдасы зор.

Жалпы осындай игі іске үлес қосу Алакөл ауданының қалталы азаматары үшін дәстүрге айналды десе де болады. Кәсіпкерлер емдеу мекемелеріне медициналық құрал-жабдықтарды сыйға тартуда. Сол арқылы жерлестерінің өмірін сақтап қалуға барынша ат салысуда. Бұған дейін олар індетке шалдыққан науқастардың еміне шипа болар деген сеніммен қолдау көрсетіп, 11 оттегі концентрантын табыс еткен болатын.

"Бүгінде елімізде орын алған жағдайға байланысты алакөлдік кәсіпкерлер мен жаны жомарт тұрғындар ауданымызда орналасқан емдеу мекемелеріне медициналық құрал-жабдықтарды сыйға тартуда. Сол арқылы жерлестерінің өмірін сақтап қалуға барынша ат салысуда. Олар індетке шалдыққан науқастардың еміне шипа болар деген сеніммен қолдау көрсетіп, оттегі концентрантын табыс етті. Көмек қолын созған барша қайырымды азаматтарға өзімнің және аудан жұртшылығының атынан алғысы айтапмын", - дейді Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев.

 

Алматы облысы