"СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің кейбір мәселелері туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 23 шілдедегі қаулысы шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"СҚ-Фармация" ЖШС-на кейіннен бөлшек сауда желісінде шекті бағамен өткізу үшін дәрілік заттарды көтерме саудада сатып алу жөніндегі өкілеттіктер берілсін. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Премьер-Министр Асқар Маминнің қаулысында.