• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Тамыз, 2020

Алматыда айыппұлдарды өндіру бойынша арнайы шара басталды

465 рет
көрсетілді

Алматы облысында жол жүру ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды өндіру бойынша арнайы шара басталды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Алматы облысы аумағында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қабылданған қаулыны орындау мақсатында "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Профилактикалық іс-шара әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарған борышкерлерді анықтауға, әкімшілік айыппұлдарды төлеуге, меншік құқығына тиесілі көлік құралдарын ұстауға және әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған.

– Қазір саптық қызметтер мен бөлімшелердің жеке құрамы сот орындаушыларының қатысуымен осы мақсаттағы жұмысқа кірісті. Нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қосымша техника пайдаланылады. Олар – "Крис-П" фоторадар кешені, штаттық эвакуаторлар. Қызметкерлер көлік құралдарын автоматты бақылау жүйелерін және электронды планшеттерді пайдалана отырып, шектеулері бар көлік құралдарын анықтайды. Яғни техникалық байқаудан өтпеген көліктер, айыппұлы бар борышкер жүргізуші, жол ережесін сақтамайтын және көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілер бірден анықталады. Қолданыстағы алгоритм бойынша айыппұл төлемеген жүргізушінің көлік құралдары тәркіленіп, мамандандырылған айыппұл тұрағына тоғытылады. Бұл көлік құралдарын кері алу үшін айыппұлы бар тұлға айыппұлдар туралы қаулы талаптарын толық орындаған соң ғана көлігін шығара алады. Жол-патрульдік полиция саптық бөліністерінің барлық қызметкерлеріне қосымша нұсқау берілген және олардың қолында борышкерлердің тізімі бар, – деп түйіндеді Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Таңатаров.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары аулаларды да аралайды. Аралау барысында жеке сот орындаушылары тарапынан көлік құралдарының иелеріне қатысты шектеу қойылғаны туралы хабарланады.