• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Тамыз, 2020

АИТВ-ға құпия тексерілу әлі де мәселе күйінде қалып отыр

184 рет
көрсетілді

АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) Орталық Азиядағы АИТВ бойынша сәтті болған «Флагман» бағдарламасын аяқтады. Қазақстанда бағдарлама аясында АИТВ-ға тестілеу, АИТВ талдауы оң нәтиже берген адамдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнату, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында өздігінен тестілеуді енгізу көзделген еді.

Жаңа АИТВ инфекциясын жұқтыру жағдайларының санын азайту және АИТВ-дан қайтыс болу деңгейін төмендету үшін USAID елдегі АИТВ инфекциясының өсу қарқыны ең жоғары Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жұмыс атқарды. Соңғы бес жылда USAID 10 мың адамды АИТВ-ға тексерді, олардың 600-ге жуығы өздерінің оң АИТВ-статусы туралы білді. Осы жоба арқылы АИТВ талдауы оң нәтиже берген тағы 3 мың адам өмірлік қажетті ем қабылдай бастады. Аталған шаралар Қазақстанға «ЮНЭЙДС 90-90-90 мақсаттарына» қол жеткізуге көмектеседі әрі елді ЖИТС індетімен күрестің мәре­сі­не жақындатады.

«Қазақстан Үкіметі аймақтағы АИТВ/ЖИТС-ке қатысты мәсе­ле­лерге басшылық етіп, онымен күресу шараларының көп бөлігін қаржыландырады. Қазақстанмен бірге жұмыс істеген кезде қыз­ме­тіміздің экономикалық ти­ім­­ді әрі нәтижелі болуын мақ­сат тұтамыз. АИТВ-ға құ­пия тестілеу мүмкіндіктерін қол­дану әлі де мәселе болып отыр. Талай адам бұрынғыдай ауыр­ғаннан және өзінде ауру бел­гі­лерін анықтағаннан кейін ғана тестілеуден өтуде», деді Ор­талық Азиядағы USAID аймақ­тық миссиясының директоры Кристофер Эдвардс.

USAID ұсынған Қазақ­стан­да­ғы үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) арналған халықтың негізгі топтары арасындағы жұмысты тіркейтін ақпараттық басқару жүйесі атқарылған қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. ҮЕҰ оларды басқа жобаларда және әлеуметтік мем­ле­кеттік тапсырыс­тарда бел­сен­ді қолдана бастайды, бұл АИТВ-мен күресуге азаматтық қоғамның үлесін арттыруға мүм­кін­дік береді», деді Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматологиялық және инфек­ция­лық аурулар ғылыми орта­лы­ғының директоры Бауыржан Байсеркин.

USAID пациенттерді жетелеуге және АИТВ-ға тестілеуге арналған инновациялық тә­сіл­дерді енгізді. 2019 жылдың қарашасынан бастап USAID ҮЕҰ арқылы экспресс-тестілеу мен өздігінен тестілеу шараларын енгізуге көмектесті, бұл 500-ден астам адамды тестілеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар USAID Қазақстандағы ҮЕҰ-дар үшін халықтың негізгі топтары арасында АИТВ індетін қа­да­ға­лау мен бақылауда ұстауға көмектесетін ақпараттық бас­қа­ру жүйесін ұсынды. АҚШ Үкі­меті USAID арқылы 2003 жылдан бастап АҚШ Прези­ден­тінің ЖИТС-пен күресу жөніндегі Төтенше жоспарына сәйкес қаржыландырылатын Қазақс­тандағы АИТВ-мен күре­су бағдарламаларына қолдау көр­се­теді, мұның ең соңғы мысалы USAID-тің Орталық Азиядағы АИТВ бойынша «Флагман» бағдарламасы шеңберінде қолдау көрсету болып табылады.

 

АЛМАТЫ