• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 12 Тамыз, 2020

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны қашан сатып алады?

517 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстан COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны қашан сатып алатынын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Коронавирусқа қарсы вакцина барлық халықаралық сертификаттаудан өткенде ғана сатып алынады. Сарапшылардың сөзіне сенсек, әлемдегі үздік зертханалар вакцина дайындаудың үшінші кезеңінде. Алда әлі төртінші кезең бар. Бұл кезеңге ешкім жете қоймады. Осы төртінші кезеңнен соң ғана халықаралық сертификаттаудан өту басталады. Оның қай елде және қандай зертханада өтетіні әзірге белгісіз", - деді Бағдат Қожахметов.

Сондай-ақ ол Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алу бойынша өзге елдермен уағдаластығы жоқ екенін сөз етті.

"Вакцина клиникалық зерттеулердің барлық кезеңінен өтпейінше Қазақстан оны сатып алмайды. Қазақстан тек барлық халықаралық сертификаттаудан және тексерістен өткен вакцинаны сатып алады. Бірақ қазіргі таңда әлемде ондай вакцина жоқ", - деді ол.