• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Білім 14 Тамыз, 2020

Алматы облысында әлеуметтік салаға бөлінген қаражаттың 65% білімге бағытталады

291 рет
көрсетілді

Алматы облысында әлеуметтік салаға бөлінген қаражаттың 65% білімге бағытталады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Алматы облысында биылғы жылы білім саласының бюджеті 314,2 млрд теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 108 млрд теңгеге артып отыр.

"Жалпы облыста әлеуметтік салаға бөлінген бюджет қаражатының 65% білім саласына бағытталады. Бұл туралы бүгін жаңа оқу жылына дайындық мәселелері туралы брифинг өткізген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты", деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

"Облыстағы санитарлық эпидемиологиялық жағдайға байланысты биылғы жаңа оқу жылы қашықтықтан оқыту форматында басталады. Бірақ қашықтан оқыту жас ұрпаққа білім беру, оны тәрбиелеу ісіне ешқандай кедергі болмауы тиіс. Ол үшін біз барлық қажетті жағдайларды жасадық", деп атап өтті А. Баталов.

Оның айтуынша, биылғы жылы білім саласының бюджеті 314,2 млрд теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 108 млрд. теңгеге артып отыр. Осындай мүмкіндіктердің арқасында өңірдегі білім сапасы артып келеді. Мәселен, соңғы 5 жылда білім сапасы 10,8%-ға артып, 65,4% жеткен.