• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Тамыз, 2020

Атырауда 193 адам туберкулезбен ауырып жатыр

301 рет
көрсетілді

Облыстық  туберкулезге қарсы күрес диспансері директорының міндетін атқарушы Серік Әбішевтің ақпаратына қарағанда, биылғы 7 айда туберкулезбен 193 адам ауырғаны анықталыпты. Ал, былтыр осындай мезгілде 225 науқас туберкулез дертімен тіркелген екен, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның мәлім етуінше, диспансерде ашылған  провизорлық орын саны 50 пайыз қысқарыпты.

«Біздің диспансердегі провизорлық стационардан ​ соңғы он күннің ішінде 30 адам емделіп шығып отыр. Ал, тамыздан бері  провизорлық керует санын 50-ге дейін азайттық. Қазір 10-ға жуық науқас ем алып жатыр. Олардың  арасында жасанды желдету аппаратына қосылған пациент жоқ. Пандемия жағдайына қарамастан, ​ диспансерде жоспарлы ем жүргізу процесі, күрделі операциялар жасау жалғасуда», деді ол.