• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Тамыз, 2020

Мәжіліс депутаты ШҚО тұрғындарымен мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мәселелерін талқылады

154 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта Мәжіліс депутаты Ирина Унжакова Шығыс Қазақстан облысы халқымен карантин уақытында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша талқылау өткізуде. Бұл туралы Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Депутат Өскемен қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында болып, мамандармен сөйлесіп орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты.

Сондай-ақ орталық қызметіне жүгінген тұрғындармен де тілдесті. Айтуларынша, карантин уақытында да мемлкеттік қызмет тиісті деңгейде қолжетімді болған.

Тұрғындар уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, жеке сұрақтардың оңтайлы шешімін тапқанын алға тартты. Депутат «Азаматтарға арналған үкімет» жұмысына да баса назар аударды. Мамандар атап өткендей,олар интернеті жоқ, әрі өздігінен ХҚО келе алмайтын азаматтардың үйіне барады.

Бір айдың ішінде осы санаттағы азаматтардан 100 ге жуық өтініш түскен. Өскеменде Ирина Унжакова «Жанұя » құрылыс алаңында болды.

Нысан «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында салынуда. Жаңа мекеме «бір терезе» қағидаты бойынша отбасылық жұмысқа бағытталған. Қиын жағдайға тап болған кез-келген отбасы бұл жерден тегін ақпарат, консультация, білім бағыттары бойынша көмек алуына болады.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.