• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Тамыз, 2020

Балалар үйінің қаржысын жымқырған күдікті ұсталды

422 рет
көрсетілді

Алматы полицейлері балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің қаражатын жымқырды деген күдікпен облыстық балалар үйінің әлеуметтік педагогын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Тараз қаласында арнайы құрылған жедел-тергеу тобы Алматы облысында балалар үйінің әлеуметтік педагогы болып табылатын 1990 жылы туылған М. есімді азаматшаны ұстады.

Жедел уәкілдер ұсталған азаматшаны Алматыға жеткізді.

Сеніп алынған мүлікті ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істің материалдары ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген, сондай-ақ күдікті Алматы қаласының ЖСҚ-на жіберілді.