Бүгін сағат 07:43-те Алматы облысының Іле ауданы, Чапай ауылындағы өрт ошағы туралы ТЖД-не хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ІІМ ТЖД баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға орнына шақырудың жоғары дәрежесі бойынша дереу сағат 07:44-те Алматы облысы ТЖД ең жақын жерде орналасқан 3 өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары 15 адам жеке құрамы және 5 бірлік техника, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД 4 адам және 1 бірлік техника жіберілді.
Алғашқы бөлімшелердің сағат 07:58-де келген соң (14 минуттан кейін, жақын жерде орналасқан бөлімшеден 15 шақырым қашықта) бір-біріне жақын орналасқан "Арман" және "Николь" бір қабатты екі дүкен ашық отпен жанып жатқандығы анықталды.
Өрт сағат 08:26-да жедел оқшауланып, сағат 09:25-те ауыздықталды. Өрт алаңы 761 шаршы метрді құрады, оның ішінде "Арман" дүкені - 610 шаршы метр (шатырдың бұзылуымен) және "Николь" дүкенінің - 151 шаршы метрі (шатыр) өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндірушілер қабылдаған шаралардың арқасында іргелес орналасқан дүкендер мен жеке тұрғын үйлерге өрттің таралуына жол берілмеді.
Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орынында сынақ өрт зертханасы жұмыс істеуде.
Алматы облысы ТЖД азаматтардан сауда нысандарындағы өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін сақтауды сұрайды:
- электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне, оқшаулаудың көрінетін бұзылулары бар электр сымдары мен кабельдерді пайдалануға жол бермеу;
- розеткаларды, рубильниктерді, бүлінген басқа да электрқұрылғыларын, қолдан жасалған электржылытқыш аспаптарды пайдаланбау;
- отпен жұмыс істеу кезінде бейқам болмау;
- сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін жарамды күйде ұстау;
- объектілерді алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету.