Алматы Халықаралық әуежайының терминалында енді коронавирусқа тест тапсыруға болады, деп хабарлайды Egemen.kz әуежайдың Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Алматы Халықаралық әуежайының терминалында (2 қабат, дәріхананың жанында) ашылған Grinlab.kz тестілеу орталығының зертханасында келесі зерттеу түрлерін жасауға болады:
ПТР (3 ген, 1 локализация) – жағынды ауыз қуысынан алынады, талдауға үш сағат қалғанда тамақ ішуге, тісіңізді тазартуға, ауызды шаюға, сағызды шайнауға болмайды, сонымен қатар темекі шегуден бір сағат бас тарту ұсынылады.
Мерзімі - 1 күн, нәтижесі орыс немесе ағылшын тілінде e-mail-ге жіберіледі.Құны-15 500 теңге.
ПТР (3 ген, 2 локализацияланған) – жағынды ауыз қуысы мен назофаринстен алынады, алдын-ала дайындық қажет емес.
Мерзімі - 1 күн, нәтижесі орыс немесе ағылшын тілінде e-mail-ге жіберіледі.Құны-17 500 теңге.
ИФА-веноздық қанның антиденелеріне арналған тест.Мерзімі - 1 күн, нәтижесі орыс немесе ағылшын тілінде e-mail-ге жіберіледі.Құны - 9 000 теңге.
Антиденелерге экспресс-тест.Мерзімі - 15 минут.Құны - 7 000 теңге.