• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда карантин тәртібін енгізу туралы қаулы жобасы әзірленіп жатыр

1890 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстанда шектеу шаралары мен карантинді енгізу бойынша ережелер белгіленген қаулы жобасын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында "Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрық жобасы жарияланды.

"Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексіне сәйкес әзірленді", - делінген қаулы жобасында.

Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары инфекциялық аурулардың шетелден Қазақстан аумағына әкеліну қаупі кезінде, Республикада, Қазақстанның жекелеген аумақтарында және объектілерінде инфекциялық аурулар жағдайлары туындаған кезде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың ведомстволық объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен енгізіледі (күшін жояды).

Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесі