• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Қыркүйек, 2020

Отодус акуласының тісі

766 рет
көрсетілді

Алматыдағы Табиғат музейінде көне дәуірден қазіргі күнге дейінгі әралуан жануарлар әлемін тамашалауға болады. 2010 жылға дейін Зоология институтының құрамында болып келген Табиғат музейін ашу идеясын алғаш Қазақстан Ғылым Академиясының алғашқы президенті, академик Қ.И.Сәтбаев қолдаған болатын. Музей 1961 жылы ашылып, нәти­жесінде ғажайып экспозициялар жасақталды.

Табиғат му­зейіне биылғы жылдың басында ежелгі Тетис теңізінің түбі болған Маң­ғыстау облысының аума­ғынан табылған Мезазой дәуіріне тиесілі мегалодонның тікелей атасы – Otodus акуласының тісі әкелінген болатын. Табиғат музейінің меңгерушісі (PhD) Гүлжан Назымбетова Отодус акуласы 60-45 млн жыл бұрын палеоцен-эоцен кезінде мұхиттарда үстемдік құр­ғандығын айтады. Акула 9-10 метр­ге дейін өсіп, салмағы 900-1800 килоға жет­кен. Өткір тістерінің ұзындығы 10 сантиметрге дейін жеткен алып теңіз жануары негізінен киттерді жемтік еткен.

«Тетис мұхиты 250–265 млн жыл бұрын ежелгі Гондвана мен Лауразия құрлықтары арасында орналасқан. Миллиондаған жылдар бұрын қазіргі Қазақстан және Еуразияның басым бөлігі алып мұхит­тың түбінде болғаны белгілі. Гималайдан Альпіге дейін Тетис су массиві алып жатты. Уақыт өте келе Тетис мұхиты тар­тылды. Нәтижесінде Қара теңіз – Палео-Тетис мұхитының қалдық­тары, ал Каспий мен Арал – оның аласа жерлерде орналасқан қалдық­тары саналады. Бүгінде Маң­ғыс­тау облысының аумағында ежел­­гі дә­уірдің ғажайып олжалары сақ­талған. Өңірден табылған аммо­ниттер, омыртқалардың қалдықтары және тістері, аяқтары қор­ларда сақталып, музей залдарына қойылған. Бір кездері мұн­дағы толқыны қатты Тетис мұхи­ты Қара, Азов, Каспий және Арал теңіздеріне бөлінді. Тетис мұхи­тының түбі күні бүгінге дейін ға­жайып­тарымен таң­ғалдырып ке­леді», дейді Гүлжан Назым­бето­ва.

Музей залдарынан маржандар, теңіз кірпілерінің қалдықтарын, тасқа айналған белемниттерді көруге болады. Ал палеонтология бөлімінде еліміз аумағындағы палеозой, мезозой және кайнозой геологиялық дәуіріне тиесілі жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің сирек қорлары сақталған.

 

АЛМАТЫ