• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 14 Қыркүйек, 2020

Алматылықтарға вакциналаудың маңыздылығы туралы айтылды

271 рет
көрсетілді

Алматыда коронавирустың екінші толқынының қауіптілігі жағдайында тұмауға қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында №2 Қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрия Қалмұратова тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және респираторлық аурулардың өсу кезеңінде алдын алу шараларына көбірек көңіл бөлуге шақырды. Сондай-ақ бір инфекцияның екіншісіне қабаттасу қаупін азайту мақсатында тұмауға қарсы алдын ала вакцинация жүргізу қажеттігін атап өтті.

"Алдағы күзгі-қысқы маусымда COVID-19 ауруының жаңа толқыны болуы мүмкін. Ол осы кезең үшін стандартты аурулар, яғни суық тию, бактериялық инфекциялар, тұмау мен пневмония. Бұл күтпеген асқынуларға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты вакциналау маңызды", деді Н.Қалмұратова.